$ 494.87  520.65  4.91

COVID-19: Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін жиын өткізеді

Халыққа вакцина салу мәселесі қарастырылады
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Бүгін түстен кейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.

«Бүгін түстен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөнінде жиын өткізеді. Іс-шара барысында COVID-19 індетіне шалдыққан азаматтардың көбеюіне байланысты еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар, сондай-ақ, халыққа вакцина салу мәселесі қарастырылады. Жиынға орталық мемлекеттік органдардың басшылары, аймақ әкімдері қатысады», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары