ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте министр Алексей Цойға ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
"Алексей Владимирович, осыған дейін сізге қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрі үкіметтегі басты тұлға екенін айтқан едім. Сіздің ерекше өкілеттігіңіз бар. Сіз жақсы жұмыс істеп бастадыңыз, кейін қарқыныңызды жоғалтып алдыңыз", - деді мемлекет басшысы.
"Сіз сәуірде жағдайды өзгертуіңіз керек. Әйтпеген жағдайда, кадрлық өзгерістер көңіліңізді әбден түсіруі мүмкін. Бұл тек денсаулық сақтау министріне емес, барлық үкіметке қатысты", - деді Тоқаев.