01.04.2021, 17:40

Цой халыққа есеп беретін болды

Фото: ашық дереккөзі
Кездесуде министр азаматтардың сұрақтарына жауап береді.

2021 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп беру үшін халықпен кездеседі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ДСМ сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді.

Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей көрсетіледі.

Есеп беру кездесуі барысында министрге сұрақты мына электрондық мекенжайға: s.kopeev@dsm.gov.kz жіберуге болады.