"Алтын Орда" базарының автотұрағында төбелескен жұмысшы мен жүргізуші татуласты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында екі айыпталушыға қатысты ҚР ҚК-ның 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы "Бұзақылық" бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.
"Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде жанжалға қатысушылар өз қателіктерін мойындады. Қарасай аудандық полиция басқармасында олар бір-бірінен және халықтан кешірім сұрады. Сондай-ақ, тараптар сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы өтінішпен қарсы арыз жазды. Осыны ескере отырып, екі тұлғаға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды", - деді өңірлік ПД баспасөз қызметі өкілдері.