Жаңалықтар 01.04.2021 сағат 18:20

Тоқаев кәсіпкерлердің кредит төлеу мерзімін кейінге шегеруді тапсырды

Салықтық және кедендік берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұру керек.
Тоқаев кәсіпкерлердің кредит төлеу мерзімін кейінге шегеруді тапсырды
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңес отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салықтық және кедендік берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұру керектігін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке экономиканың зардап шеккен секторларындағы шағын және орта бизнестің кредиттері бойынша төлемдерін кейінге шегеру мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырамын», – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметке ең алдымен зардап шеккен салалардағы шағын және орта бизнес субъектілері үшін жекелеген салықтар мен төлемдерді төлеуді кейінге шегеру мәселесін жедел пысықтауды тапсырды.

«Екіншіден, салықтық және кедендік берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұру керек. Бұл шаралар шын мәнінде жаппай вакцинациялау басталғанға және шектеулердің басым бөлігі алынғанға дейін қолданыста болуы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар