Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Григорий Марченконың ұлы көз жұмды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Ұлым қайғылы оқиға салдарынан қайтыс болды. Ол небәрі 24 жаста еді», - деп жауап берген Г. Марченко басылымға берген сұхбатында.
Айта кетейік, Григорий Марченко - белгілі қазақстандық қаржыгер. Екі рет Ұлттық банктің төрағасы қызметін атқарған. Банкир 1959 жылы 26 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.
Ол 1999 жылдың қазанынан 2004 жылдың қаңтарына дейін, сондай-ақ, 2009 жылдың қаңтарынан 2013 жылдың қазанына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы қызметін атқарды.
2020 жылдың қазанында Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.