$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда «медресе қызметкері» садақа жәшіктерін тонап кетті

Тергеу амалдары ер адамның бұған дейін де осындай қылмыстары үшін сотталғандығын анықтады.
Фото: коллаж ИА «NewTimes.kz»
Фото: коллаж ИА «NewTimes.kz»

35 жастағы ер адам өзін медресе қызметкерімін деп таныстырып, азық-түлік дүкендеріндегі садақа жәшіктеріне салынған қаражатты әкетіп отырған, бұл туралы NewTimes.kz жазды.

Тергеу амалдары ер адамның бұған дейін де осындай қылмыстары үшін сотталғандығын анықтады.

«Ол барлық жерде өзін медресе ұстазымын деп таныстырып отырған. Кей жерлерде ол жәшіктерді аша алған, ал кей дүкендерде ашып, ақшаны ала алмағандықтан, жәшігімен әкетіп отырған», - дейді ПД басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Polisia.kz басылымының айтуынша алаяқ тек Алатау ауданында осыған ұқсас 3 қылмыс жасаған. Ал қала бойынша осындай он шақты оқиға тіркелген.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#алаяқ #садақа