$ 448.15  483.46  4.86

Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүре ме?

«Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі», – деп хабарлады City Transportation Systems баспасөз қызметі.
фото: Ашық дереккөзі
фото: Ашық дереккөзі

Жексенбі, 4 cәуір күні елордада қала ішінде және қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады.

«Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі», – деп хабарлады City Transportation Systems баспасөз қызметі.

Айта кетейік, кеше еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы: «Жалпы алғанда, қазіргі жағдайымыз жақсы емес. Тіпті, ахуал өте күрделі деп айтуға болады. Коронавирус індеті қайта өршіп келеді. Мұны Қазақстан ғана емес, көптеген елдер бастан өткеруде. Оның негізгі себебі вирустың мутацияланған жаңа штамдары болып отыр», – деген еді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары