Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы әкімі қызметінен кетті. Ол ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.
Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған. 1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
2008-2013 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.
2013-2021 жылдары Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.
2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.