$ 498.34  519.72  4.85

Тағы бір қыз жоғалды. Қызылордалық 16 жасар қыз он күннен бері табылмай жатыр

Белгілері: бойы – 175 см, шашы қара түсті иығынан түскен, кекілі сары түске боялған.

Қызылорда облысының полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы балалар үйінен жоғалған қызды әлі іздеп жатыр.

Бұл жайында полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Қызылорда полициясы отбасы үлгісіндегі Атамекен балалар ауылы үйінің тәрбиеленушісі 27 тамыз 2004 жылы туған Ділда Мұсабекқызы Нұғмановаға іздеу салады.

Ділда Нұғманова 25 наурыз күні түнгі 02:00 шамасында балалар үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Белгілері: бойы – 175 см, шашы қара түсті иығынан түскен, кекілі сары түске боялған.

Үстінде қара түсті куртка, көк түсті джинсы шалбар, ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім.

Жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берген жөн: 8 (7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада үш жасөспірім қыздың жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Кейіннен қыздарды іздеуге еріктілер де қосылды .

Арада біраз уақыт өткенде екі қыз Алматы қаласынан табылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары