04.04.2021, 22:23

Шымкентте жоғалған жасөспірім аман-есен табылды

фото: azattyq-ruhy.kz
Шымкент қаласы Қаратау ауданының 34 жастағы тұрғыны кәмелет жасына толмаған қызының үйінен шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлаған.

Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды «Отырар TV».

Шымкент қаласы Қаратау ауданының 34 жастағы тұрғыны кәмелет жасына толмаған қызының үйінен шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлаған. Анасы қызын жан-жақты іздеп таппағаннан кейін полицейлердің көмегіне жүгінген.

«Шымкент қаласы Полиция департаментінің және Қаратау ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары жүргізген. Тәртіп сақшылары мен учаскелік полиция инспекторлары сол маңдағы барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, өтіп бара жатқан тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде жоғалған қыз аман-есен табылып, отбасымен қауышты», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде, қыздың ата-анасы полицейлерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді.