$ 495.2  522.34  4.94

Шымкентте заңсыз пайда тапқан зауыт тәркіленді

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының үкімімен кәсіпорын басшысы 1 жылға бостандығын шектей отырып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін кінәлі деп танылды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері спиртті қайта өндіретін зауыт қызметінің жолын кесті деп жазды elitar.kz

Заңсыз әрекет Шымкент қаласы кәсіпорындардың бірінің өндірістік аймағында сатып алынған 70 литр спирт қосылған сұйықтық бар автокөлікті ұстау кезінде анықталды. Аймақ аумағын тексеру барысында тағы 25 тонна суррогат алкоголь өнімі табылып тәркіленді, сарапшылар оны 35 млн теңгеге бағалайды.

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының үкімімен кәсіпорын басшысы 1 жылға бостандығын шектей отырып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін кінәлі деп танылды. Тәркіленген заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары