Жаңалықтар 05.04.2021 сағат 20:16

Атырауда ат мінгені үшін қызметінен кеткен генерал жаңа қызметке тағайындалды

Еске сала кетсек, желіде Атырау облыстық полиция департаменті басшысына қатысты видео тараған еді.
Атырауда ат мінгені үшін қызметінен кеткен генерал жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұған дейін Атырау облысы полиция басқармасының басшысы қызметін атқарып, жанжалдан кейін қызметінен кеткен Аян Дүйсембаев төтенше жағдайлар министрлігінде қызметке ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
«Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Дүйсембаев Аян Сәбитұлы өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды», - деді Уәли.

2019 жылдың мамыр айының басында Аян Дүйсембаев полиция генерал-майоры лауазымына көтерілді. Бір аптадан кейін әлеуметтік желілерде видео пайда болды. Видеода мереке кезінде Аян Дүйсембаевқа ат мінгізіп жатқаны көрсетілді.

Еске сала кетсек, желіде Атырау облыстық полиция департаменті басшысына қатысты видео тараған еді. Оқиғадан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп, Аян Дүйсембаевты қызметінен босату ұсынылды. Артынша полиция басшысы қызметінен босатылды. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар