Дубайда «жалаңаш фотосессиядан» кейін ұсталғандардың ішінен 11 қыз украин болып шықты. Бұл туралы УНИАН-ға Украина сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Олег Николенко мәлімдеді.
«3 сәуірде Дубай полициясы қоғамдық адамгершілік нормаларын бұзуға байланысты бір топ адамды ұстады. Алдын ала ақпарат бойынша, ұсталғандардың арасында 11 Украина азаматы бар. Украинаның Дубайдағы консулдығы жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен украин әйелдерінің құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және бұл істің барлық мән-жайларын анықтау үшін өзара ынтымақтастық жасайды», – деді ол.
Оның айтуынша, 6 сәуірде Украина консулы ұсталғандарға баруы керек.
Бұрын хабарланғандай, Дубайда зәулім ғимараттың балконында жалаңаш фотосессияға қатысқан 40 қыздан тұратын топ ұсталды . Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, олардың арасында Украина, Ресей , Молдова және Беларуссия азаматтары болған.
Алайда Ресейдің Бас консулдығы ұсталғандардың арасында орыс әйелдерінің болуын жоққа шығарды. Әзірге тек украиналық әйелдердің қамауға алынғаны ғана расталды, деп жазады Страна.
БАӘ-де заң қатаң, сондықтан тұтқындалғандар алты айға дейін бас бостандығынан айырылуы, айыппұл төлеуі немесе көпшіліктің алдында дүре соғылуы мүмкін.
Сондай-ақ Дубайда жалаңаш модельдермен секс-партия ұйымдастырған ІТ-кәсіпкер, халықаралық Involta компаниясының негізін қалаушы Алексей Концов ұсталғаны белгілі болды. Ресейлік адамгершілік нормаларын бұзды деп айыпталып, порнографияны әлеуметтік желілер арқылы таратты деп күдіктелуде. Кәсіпкердің туыстары бұған дейін дипломаттардан көмек сұраған, деп хабарлайды Mash .