$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында 93 жастағы қария 5-ші қабаттан құлап, көз жұмды

Сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Екібастұзда 93 жастағы қария абайсызда көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қария тепе-теңдік сақтай алмай қалған көрінеді. 

"Екібастұзда 6 сәуірде қайғылы жағдай орын алды.  93 жастағы пәтердің иесі өзінің немқұрайлылығы салдарынан тепе-теңдігін сақтай алмай, 5-қабатта орналасқан пәтерінің терезесінен құлап кеткен. Екібастұз қаласының тұрғыны алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлайды полиция департаменті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары