$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев вакцина салдырды

Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырды.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды деп хабарлайды Skifnews.kz Берік Уәлидің фейсбук парақшасына сілтеме жасап. 

Бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы мемлекет басшысының отандық вакцинаны салдыратыны туралы айтқан болатын.

"Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ. 
Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді.

Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырды. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы" - деді ол өз жазбасында.

Бұған дейін Президент Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға шетелден вакцина жеткізуді қамтамасыз етуді және отандық вакцина өндіруді жолға қоюды, сондай-ақ, екпе салу үдерісін ұйымдастыруды тапсырған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары