Жаңалықтар 07.04.2021 сағат 10:20

«Журналист мәртебесі туралы» заң қабылдау қажет» - Зейін Әліпбек

Ол заңда журналистеріміздің әбден қордаланған әлеуметтік мәселелерін шешу жолдарын да қарастыруға болар еді.
«Журналист мәртебесі туралы» заң қабылдау қажет» -  Зейін Әліпбек
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің «BAQ KASIPODAQ» салалық кәсіподағының төрағасы Зейін Әліпбек Шымкентте бейбіт акция өткізген журналистерге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды

«БАҚ және телерадиохабарларын тарату саласы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы ретінде Шымкент қалалық Полиция департаменті қызметкерлерінің өрескел әрекеттерін айыптаймын. Заңнан аттағандар тиісті жазасын алуы тиіс. Әріптестерімізге құқықтық көмек қажет болып жатса кәсіподақ заңгерлері қолдауға әзір», деп жазды З. Әліпбек.

Осы орайда ол журналистерге жұдырық жұмсалатын сәттердің жиі кездесетінін атап өтті.

«Қазір кез-келген мекеме өзіне тиімсіз болса тілшіні ғимарат түгілі ауласына да кіргізбейді. Сондықтан журналист оқиға болған жерге ерігіп емес, халыққа қажетті ақпарат алу үшін баратынын мемлекеттік орган мен мекеме өкілдерінің санасына сіңіретін уақыт жетті. Яғни, өзінің кәсіби қызметін атқарып жүрген тілшіге кедергі келтіру халық пен мемлекетті ақпарат алу мүмкіндігінен айыру деген сөз. Осы жерде тілші қауымның тым төмендеп кеткен беделін көтеру үшін (Кім-көрінген қоқан-лоққы көрсетіп, таяқтап кетіп жатса төмендегені емей немене?) кезінде мұғалімдерді арашалап қалғанымыз секілді осындай оспадарлықтардан қорғайтын «Журналист мәртебесі туралы» арнайы заң қабылдау қажеттігі анық байқалып тұр. Ол заңда журналистеріміздің әбден қордаланған әлеуметтік мәселелерін шешу жолдарын да қарастыруға болар еді. Шымкенттік әріптестеріміздің батыл қадамы қуантады», делінген жазбада.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар