07.04.2021, 13:00

«Күн шыққандай жарық болып кетті»: Шу аспанында метеорит жарылды

фото: Stan.kz
Оның метеорит немесе басқа объект екені әлі белгісіз.

Қырғызстандағы әлеуметтік желілер сегментінде, сондай-ақ мессенджерлерде метеориттің құлағаны түсірілген видео таралып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео Бішкекте де, Шу облысында да түсірілді. Бұл әсіресе Петровка ауылының аумағында анық көрінді, онда түнде күндізгі уақыттай жарық болған. Оның метеорит немесе басқа объект екені әлі белгісіз. Еске салайық, бұған дейін Қытайға метеоритке ұқсас отты шар құлағаны айтылған еді. Жергілікті тұрғындар метеориттің жерге түсіп келе жатқан сәтін шамамен 30 секунд бойы бақылаған.