07.04.2021, 17:00

Майғазиев пен Рымбаеваға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзі
Ведомстводан хабарлағандай, қазір Алматының Алмалы ауданының мониторингтік тобы қазір осы фактіні тексеріп жатыр.

Әлеуметтік желілерде қазақстандық әншілер қатысқан тойдың видеосы пайда болды.  Қазір оны Алматыдағы мониторингтік топ тексеріп жатыр, деп хабарлайды aikyn.kz.

Видеода бұл үйлену тойы екені анық көрінеді.  Тойға келгендер арасында Роза Рымбаева, «МұзАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев және КешYOU тобының бұрынғы әншісі Айдана Меденова бар.

Ведомстводан хабарлағандай, қазір Алматының Алмалы ауданының мониторингтік тобы осы фактіні тексеріп жатыр.