$ 494.87  520.65  4.91

Оралда әйелімен ажырасқысы келмеген азаматтың басы дауға қалды (ВИДЕО)

Ол сүйген жарын ұялтып, отбасына кері қайтаруға тырысқан екен.

Оралдық азамат ажыраспақ болған әйелін бопсалаймын деп басы бәлеге қалды. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлайды.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметіне сенсек, ер адам әйелімен ажырасқысы келмеген.

Қарсылығынан түк шықпаған соң, келіншегінің жалаңаш түскен видеоларын тума-туыстары мен барлық таныстарына тарататынын айтып, қорқытыпты.

Айтқанына көнбеген соң, әйелінің бейәдеп видеоларын жақындарына WatsApp желісі арқылы жіберіп үлгерген.

Осылайша ол сүйген жарын ұялтып, отбасына кері қайтаруға тырысқан екен. Ал келіншегі болса, бірден полицияға шағым түсірген. Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ерлі-зайыптылардың арасындағы дауды енді сот шешпек.

"Қазір осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 311-бабы, 1-бөлігі, яғни порнографиялық материалдарды заңсыз тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заң бойынша күдіктіге 2 мың АЕК көлемінде айыппұл салу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған", - дейді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы Мөлдір Садырғалиева. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары