Жаңалықтар 08.04.2021 сағат 12:00

«Ұл туып бермеген»: Қарағандылық әйелді күйеуі аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)

Тіпті соққының қатты болғаны соншалықты, денесіндегі көгергені әлі кетпегенін айтады. Әйелдің сөзінше, азамат оны тіпті өзге біреулерге зорлатпақ болған.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қарағандылық келіншек ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен бұрынғы жолдасын өзін "көкала қойдай қылып сабады" деп айыптады, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы.

Әйгерім Дүйсембекованың айтуынша, күйеуінің қол көтеруінің себебі - өмірге ұл алып келмеген. Дүниеге екі қыз әкелген келіншектің сөзінше, құзырлы органдарға талай арыз жазса да, оның үні ешқайда жетпейді. Прокуратура тіпті істі жауып тастапты. Ал Алматы облысында бұдан да қорқынышты жағдай. Жетпіс жастағы кейуана өзінің бірге тұрған азаматы жұдырықтағанымен қоймай, өзгелерге зорлатпақ болғанын айтады.

28 жастағы Әйгерім Дүйсембекова бұрынғы күйеуінен қорлық көргенін айтады. Сөзінше, жолдасы ұл тумадың деп соққыға жығып, тіпті бас сүйегін зақымдаған. Ажырасқандарына бір жыл болса да, бұрынғы күйеуі соққысын тоқтатпағанын жеткізді ол. Ақпанда сот оны үш күнге ғана қамап, шығарып жіберді дейді Әйгерім. Алайда, келіншек соттың шешімімен келіспейді. Себебі бұрынғы жолдасы ауыр жаза арқалау керектігін айтады.

"Ұрып-соғудың басы ұл бала туып бере алмағанымнан басталды. Тіпті қатты соққы кезінде жағым шығып кетті. Полиция, прокуратура істі жауып үндемей отыр. Күйеуімнің туыстары құзырлы органдарда жұмыс істейді", - дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Әйгерім Дүйсембекова. 

Ал Алматы облысының тұрғыны жетпіс жастағы Раиса Цой наурызда бірге тұрған азамат елдің көзінше мені ұрлап, ай далаға апарып соққыға жықты дейді. Тіпті соққының қатты болғаны соншалықты, денесіндегі көгергені әлі кетпегенін айтады. Әйелдің сөзінше, азамат оны тіпті өзге біреулерге зорлатпақ болған.

"Көлікте менің үстіме отырып алып ұра бастады. Сосын далаға апарып, үстімдегі киімдерді жұлып, қасындағы адамдарға зорлатпақ болды. Сосын басымен бетімнен бір-ақ ұрды", - дейді Алматы облысының тұрғыны Раиса Цой. 

Қазір Алматы облысының полицейлері Раиса Цойдың арызын қабылдап, тиісті тексерулер тағайындаған. Ал қарағандылық Әйгерім Дүйсембекованың ісін прокуратура тіптен қысқартып тастаған.

"Сотқа дейінгі тергеп- тексеру өткізілді. 26-шы ақпан ағымдағы жылы аталған тергеп-тексеру қылмыстық процестік кодекстің 35-ші бабы 1-ші бөлігі, 2-ші тармағы негізінде тоқтатылды", - дейді Қарағанды облысы прокуратурасының ресми өкілі Нұрсұлтан Қалдыбай. 

Істі қайта жаңарту үшін Әйгерім Дүйсембековаға құзырлы органдар арызды қайта жазу керектігін айтады. Ішкі істер министрлігінің ақпарынша, былтыр елде түрлі зорлық- зомбылық көрген 11 мың келіншекті дағдарыс орталығына жіберген. Бұдан бөлек 8 мыңнан астам әйелге құқықтық-психологиялық көмек берілген. Ал Қарағанды облысында жыл басталғалы бес әйелді күйеулері соққының астына алған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар