$ 498.34  519.72  4.85

Теңіз кен орнындағы зауыттан ауаға зиянды түтін тарап кетті

Экология министрлігі оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

Әлеуметтік желіде Теңіз кен орнындағы мұржадан улы сары түтіннің шығып жатқандығы туралы фотосуреттер мен видеолар таралады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылғы 7 сәуір сағат 15:20-да КТЖ-2-нің 4-жолындағы С511 қондырғысының жұмысы автоматты бұғаттағыш іске қосылғандықтан тоқтап қалған.

Салдарынан ластаушы заттар (сары түтін) түтін мұржасы арқылы қоршаған ортаға шығарылған.

Экология министрлігі оқиғаның мән-жайын түсіндірді. 

"Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде, Атырау уақытымен 15.20-да "Теңізшевройл" ЖШС кәсіпорнында мұржа мен автоматты блоктау қондырғысының істен шығуына байланысты қоршаған ортаға ластаушы заттар шығарылды. Жарты сағат өткен соң зауыт сиренасы сөніп қалды. 10 минут ішінде қоршаған ортаға зиянды сары түтін шығып үлгерген", - деп хабарлады министрлік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары