$ 449.3  489.69  4.89

«Майордың інісімін»: қоғамдық орында тағы бір жігіт шу шығарды (ВИДЕО)

Көпшілік Түркістан облысында болған "Жұмабектің бажасы" оқиғасымен салыстырып, әзіл-сыны аралас пікірлерді жаудырып жатыр.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматыда автобустардың бірінде елді шулатқан тағы бір оқиға болды. Өзін "Ержанның інісі, туысым жоғарыда майор болып істейді" деп шу шығарған жас жігіт, ерсі қылығымен көпке жақпай қалды, деп жазады Paryz.kz.

Қазнетті кешелі беру шулатқан видео Instagram-дағы танымал аккаунттардың бірінде пайда болған. Онда жас ер азаматтың автобустың бірнеше жолаушысымен тілге келіп қалғанын анық көруге болады. Ер адам жолаушылардың наразылығына:

"Духым жетеді, жоғарыда істейтін ағам бар. Майор болып істейді" деп айғайға басады.

Желі қолданушылары жігіттің бұл қылығына наразы болған. Олар бұл оқиғаны жақында ғана Түркістан облысы Отырар ауданында болған "Жұмабектің бажасы" оқиғасымен салыстырып, әзіл-сыны аралас пікірлерді жаудырып жатыр.

"Қазақ еліне +1 майор", "Тағы не болып қалды?", "Желіге бір күн кірмесең, осындай жаңалықтардын құр қаласың", "Көктем ғой, түсінеміз", "Жұмабектің екіншісі ғой" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары