Жаңалықтар 09.04.2021 сағат 22:41

Алматыда жедел жәрдем бригадасы жол апатына ұшырады

Апат салдарынан жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді.
Алматыда жедел жәрдем бригадасы жол апатына ұшырады
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық жедел жәрдем баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем көлігі Райымбек даңғылымен батыс бағытта, Сайын көшесіндегі көпірден төмен түсіп келе жатып, басқа көліктермен соқтығысқан.

«Апат салдарынан жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді. Ал жедел жәрдем көлігіндегі фельдшер тексерілгенен кейін үйіне жіберілді. Жол-көлік оқиғасы болған жерге жол полициясы шақыртылды. Апаттың мән-жайы зерттелуде, себептері техникалық сараптамадан кейін белгілі болады «, - деп атап өтті ведомствадағылар.

Бұған дейін, 5 сәуір күні тағы бір жедел жәрдем көлігі Сейфуллин көшесі мен Райымбек батыр даңғылында «ВАЗ 2115» автокөлігімен соқтығысқан болатын.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар