Полиция «Қазақтелеком» АҚ-ның қайтыс болған Ақсу ауданының тұрғынын байланыс операторының қызметіне қосқаны туралы іс бойынша тексеру жүргізуде.
Ақпарат КазТАГ сайтында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
— Н.Әбілғайсанова атты азаматша марқұм әкесі тіркелген телефон нөмірін «интернетке, радио және онлайн-теледидарға» қосу фактісі туралы арыз жазды. Алматы облысының ПД өтінішті тексеріу үшін «Қазақтелеком»-ға жіберді. Тексеру нәтижелері бойынша шағым расталған жағдайда процестік шешім қабылданатын болады. Әзірге тексеру нәтижелері ПД-ға түскен жоқ, – деп хабарлады полиция.
4 наурызда «Қазақтелеком» қайтыс болған адамға шот ашып, қарыз жазғаны белгілі болды.
— Арыз жазу барысында тергеуші мені айнытпақшы болды. Олардың барлығы бір-бірін біледі екен. Мұның бәрін «Қазақтелекомның» операторы менің әкемнің мүгедектігі туралы деректер негізінде жасаған. Полицейлер мен «Қазақтелеком» қызметкерлері мені шу көтермеуге және өтінішті алуға көндірді. Сонымен бірге «Қазақтелеком» қызметкерлері қарыз бен абоненттік шоттың жабылғанын мәлімдеді. «Қазақтелеком» тіпті қарыздың жоқтығы туралы анықтама да берген. Содан кейін оператор тез арада басқа жерге ауысып кетті. Бірақ бір жыл өткен соң, яғни кеше олар қайтадан әкемнің атына төлем жіберді, – деді марқұмның қызы.
Марқұмның туыстары «Қазақтелеком» компаниясын сотқа берді. Сарқан ауданы бойынша ұлттық оператор бөлімшесінің бастығы шағымнан бас тартқызу мақсатында ақша ұсынған.