Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасының президенті Франсуа Олландқа «Алжир әуе жолдары» жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жеделхатта «Алжир әуе жолдары» компаниясы ұшағының апатынан көптеген француз азаматтарының қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды Қазақстан Президентінің зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.
«Осындай қайғылы жағдайда Қазақстан халқы және жеке өз атымнан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Франция халқына шын ниетпен көңіл айтамын», делінген жеделхатта.
Еске сала кетсек, 24 шілде күні Уагадугу қаласынан Алжирге ұшып шыққан Air Algerie әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Нигер астанасында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында 116 адам, олардың қатарында 15 елдің азаматы болған, басым бөлігі - француздар. Алдын ала болжам бойынша барлығы қаза тапқан.