Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алжир Халық Демократиялық Республикасының Президенті Әбдел Әзиз Бутефликаға «Алжир әуе жолдары» ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдегендей, жеделхатта «Алжир әуе жолдары» компаниясы ұшағының апатынан көп адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған
«Қазақстан халқы және жеке өз атымнан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Алжир халқына шын ниетпен көңіл айтамын», делінген жеделхатта.