11.04.2021, 09:48

Астанада карантин талаптары күшейтіледі

фото: tengrinews.kz
Қаулы 12 сәуірде күшіне енеді.

Елорданың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова елордада шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өткен қаулының мына тармақтары өзгеріссіз қалады:

кинотеатр, боулинг, балалар ойын-сауық орталықтарына тыйым салынады; қоғамдық орындарда және қоғамдық көлікте бетперде тағу режимі сақталады; СОО, базарлар мен фитнес-клубтар тек жұмыс күндері жұмыс істейді; тамақтану, сауна және СПА тек жұмыс күндері жұмыс істейді. Қоғамдық тамақтандыру мекемелері демалыс күндері жеткізумен жұмыс істейді. Биыл IV тоқсанда білім беру нысандарында оқытуды былай ұйымдастыру тапсырылды:

дәстүрлі форматта 2021 жылғы 19 сәуірден бастап ата-аналардың өтініші бойынша оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 10 адамнан аспайтын қалалық мектептерде;

білім беру объектілерінің жұмысын қашықтықтан оқыту тәртіпте ұйымдастыру, мектеп бітіруші сыныптары (9, 11 (12) сыныптар)  қоспағанда, олар үшін  оқыту аралас форматында (пәндердің 70 пайызы - дәстүрлі форматта, 30 пайызы - қашытан), сыныпта 15 адамнан артық емес, ата-аналардың өтініштері бойынша. 

Құжатқа сәйкес, жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттері қашықтан оқуын жалғастырады. 

Қаулы 12 сәуірде күшіне енеді.

Жаңа қаулыны мына сілтемеден оқи аласыз.