$ 444.22  476.38  4.82

Динара Сәдуақасова интернеттің нашарлығынан халықаралық шахмат турнирінен шығып қалды

Үш провайдердің байланысын пайдаландым, ештеңе көмектеспеді.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Гроссмейстер Динара Сәдуақасова еліміздегі нашар интернет салдарынан атақты Polgar Challenge халықаралық турнирінен шығып қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы шахматшымыз өзі хабарлаған. 

"Құрметті достар, мен интернеттің тұрақсыздығына байланысты Polgar Challenge турниріне қатысуды тоқтатуға мәжбүр екенімді қатты өкінішпен айтамын. Мен турнирге шахматтан да, техникалық жағынан да дайындалдым. Бірақ мен ойнаған 7 ойынның барлығында үнемі интернетте қиындықтар болды. Халықаралық гроссмейстер Лэй Тинджимен өткен 7-турда менде уақыт артықшылығы және  қосымша сарбаз болды, оған қоса, атпен 3-ке 2 соңғы ойын болды, бірақ тұрақсыз интернетке байланысты мен уақытты өткізіп алдым. Әр ойын барысында маған интернет туралы көбірек ойлануға тура келді. Мен үш провайдердің байланысын пайдаландым, ештеңе көмектеспеді. Тағы бір рет жанкүйерлер мен ұйымдастырушылардан кешірім сұраймын" деп жазды Динара Сәдуақасова өзінің instagram парақшасында.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары