Жаңалықтар 11.04.2021 сағат 16:23

Солтүстік Қазақстанда ірі қара арасына қауіпті індет тарап жатыр

Бұл хабарды облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов растады
Солтүстік Қазақстанда ірі қара арасына қауіпті індет тарап жатыр
фото: inbusiness.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Солтүстік Қазақстан облысындағы шаруашылықтың бірінде сиырлардың құтыруына байланысты шектеу шаралары енгізілді. Ветеринарлық тексеріс нәтижесі індеттің ірі қара арасында жұға бастағанын расталды, деп жазады sputnik.kz сайты.

Бұған дейін нормативтік-құқықтық актілердің ашық сайтында қаулы жобасы талқылауға ұсынылған болатын. Құжат ірі қара мал арасында құтыру ауруының өршуіне байланысты шектеу шараларын қолдану мәселесін қарастырады.

Осы қаулының негізінде Солтүстік Қазақстандағы Докучаево ауылындағы "Атамекен-Агро-Тимирязево" ЖШС-нің мал шаруашылығы кешеніне шектеу шаралары енгізілді.

Жергілікті Petropavlovsk.news сайтының дерегінше, "Атамекен-Агро-Тимирязево" шаруашылығындағы сиырлардың бірінде құтыру фактісі зертханалық зерттеулер нәтижесінде расталған.

"Құтыру ауруын өршітпеу мақсатында шаруашылықта шектеу шаралары енгізілді. Ал жұқтыру ошағындағы процестің барлығы да ветеринария саласындағы нормативтік-құқықтық актілер негізінде іске асырылатын болады", – деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов.
Оның айтуынша, инфекция жабайы жануардың сиырлардың бірін тістеуінен пайда болған.

"Соңғы кездері инфекцияның ықтимал көзі болып табылатын жабайы жыртқыштардың (түлкі, қарсақ, т.б.) жағдайлары елді мекендерде жиілеп кетті. Бақытымызға орай, адамның құтырумен ауыруы немесе жануарлардың жаппай ауруы тіркелмеді", – деп атап өтті ол.

Әкімдік өкілдерінің түсіндіруінше, тиісті ветеринариялық шаралар аясында вакциналау мен дезинфекция жүргізілген соң шаруашылықтағы шектеулер алынатын болады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар