Қазгидромет мекемесі 12 сәуірге арналған ауа райы жорамалын ұсынады. 12 сәуір күні республиканың басым бөлігіне жоғарғы қысым аумағы ықпал етуіне байланысты, ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік, оңтүстік-батыста найзағай, шаңды дауыл болады, оңтүстікте бұршақ күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, жел шаңды дауылмен 15-20, желдің екпіні 23 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай күтіледі, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең екпіні 25 м/с болады.
Қызылорда облысында таңертең және күндіз найзағай күтіледі, жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күтіледі. Алматы облысының Жалаңашол аумағында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.