$ 447.4  477.55  4.76

«Оу, Көлгінов, көше Назарбаевтың атында болса қалай зыр жүгіріп кетер едің?!» - журналист (ВИДЕО)

Сонымен қатар Мұхтар Түменбай "қаңтарда қар жауатынын білмедім" деп сылтау айтатын әкімнің бұл әрекетін қалай ақтап алатынын сұрады.
Фото: коллаж Paryz.kz
Фото: коллаж Paryz.kz

Нұр-Сұлтан қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы көше жол жөндеу жұмыстарын мүлде көрмеген. Көлікпен жүріп өту мүмкін емес, жердің "миы" шығып жатыр. Осы орайда журналист, саясаттанушы Мұхтар Түменбай қала әкімі Алтай Көлгіновке шүйлікті, деп жазады Paryz.kz.

Журналист Facebook-тегі парақшасына көшенің қазіргі жағдайын суретке түсіріп, жүктеген. Қосымша жазба да қалдырыпты.

«Мынау жатқан көше Нұрсұлтан Назарбаевтың атында болса қалай зыр жүгіріп кетер едің а! Құдай біледі, бірінші болып құрдай жорғалап, күрекпен емес, қолмен асфальт төсеп, алақаныңмен тегістеп кетер едің. Қазақтың ардақты азаматы Әлихан Бөкейхановтың атындағы көшенің осылай былығып жатқаны бірінші жыл емес. Көше аталғалы солай жатыр», - деп ашуланды ол.

Сонымен қатар Мұхтар Түменбай "қаңтарда қар жауатынын білмедім" деп сылтау айтатын әкімнің бұл әрекетін қалай ақтап алатынын сұрады. 

«Қыста қар жауса, ойбай, күтпеген тосын жағдай болды, білмей қалдым қаңтарда қар түсетінін деуші едің. Жарайды, оныңа да етіміз үйренді. Ал биыл сол кісінің 155 жылдығы екенін білмедім, естімедім деші.
Бұл да таңсық па саған? Соның атындағы мына астаң-кестеңі шыққан көшені күні бұрын жөндеп, асфальтын төсесең біреу сенің қолыңнан қағар ма еді? Әлде оған да бұйрық күтіп отырсың ба?», - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары