$ 494.87  520.65  4.91

Бекшиннің қол астындағылар жұмыс кезінде маска тақпаған: блогерлер СЭС-ке басып кірді (ВИДЕО)

Видеода санэпидқызмет ғимаратындағы дәретхана көрсетілген: "еден лас, сабын салғыш лас, кафель сынып кеткен, айнасы жуылмаған".

Блогер Жанар Құсайынова мен Ринат Кибраев Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин отыратын Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне барды. "Рейд" видеосын блогерлер LIFE KZ YouTube-арнасына салды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.

Блогерлер ведомствоға кіріп, әкімшілік ғимараттың әр қабатын аралап, кабинеттерге кіріп, департамент қызметкерлерін камераға түсіріп, олармен сөйлескен. 

Белсенділердің сөзінше, департаментке барудағы мақсаты - Алматының санэпидқызметі енгізетін шектеу шаралары мен бизнестің жұмыс істей алмауы. Блогерлер Бекшин зейнет жасына жеткендіктен отставкаға кетуі керегін айтады. 

Ролик авторы Бекшиннің өзімен кездеспек болған, алайда бұл уақытта санитар дәрігер онлайн-кездесуде отырған. Сондықтан блогерлер оның кабинетіне кіре алмады. 

Сонымен қатар, видеода санэпидқызмет ғимаратындағы дәретхана көрсетілген: "еден лас, сабын салғыш лас, кафель сынып кеткен, айнасы жуылмаған". Сондай-ақ департамент қызметкерлері бетперде тақпаған.

Соңында полицейлер келді, оларды департамент қызметкерлерінің бірі шақырған болуы мүмкін. Артынша блогерлер санитар дәрігердің қабылдауына жазылып, басқа күні келетін болып келісті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары