12.04.2021, 15:20

Қазақстан ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалысады – Тоқаев

Фото: Ашық дереккөзі
Осыдан 60 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады

«Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қ.Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің мәні зор. Перспективасы бар ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – сөзсіз шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет» деп жазды Президент.

Сондай-ақ Президент Қазақстан халықаралық бағдарламаларға, ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса беретіндігін айтты.

«Осыдан 60 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды. Юрий Гагариннің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы – әлемдік ғылым дамуының жарқын көрінісі. Қазақстан халықаралық бағдарламаларға, ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса береді», деп жазды Тоқаев.