$ 494.87  520.65  4.91

«Жынмен жыныстық қатынасқа түскен»: Алматылық келіншек жаға ұстатар оқиғасымен бөлісті (ВИДЕО)

Ал имамдар болса Аялаға жын-шайтандардың кесірінен осындай күйге түсті дейді.

Алматылық Аяла Әмірханова тылсым күш түнде келіп, оятатынын, одан қалса, шешіндіріп, жыныстық қатынасқа түскісі келетінін жайып салды. Келіншектің басындағы жайтқа психологтар мен имамдардың өз айтары бар. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарттық порталы Еуразия арнасына сілтеме жасап.

Аяланың айтуынша, мұндай түсініксіз жайттар түсінде емес, өңінде болады екен.

"Ұйықтап жатқан кезде оянып кеткен сияқты боласың да, түсініксіз. Бір тылсым күш келеді де үстіңді басады. Сөйтіп аяғымнан сүйреп, қылқындырады. Мен басында ойлайтын едім, не болып жатыр деп түсінбейтінмін. Ал бірақ оның қылқындырып жатқанын, демалып тұрғанын бәрін сезетінмін",-дейді келіншек.

Оның айтуынша мұндай күйге түскеніне осымен үш жылға жуық уақыт өтіпті.

"Басқа үйге қонаққа барсам да келіп сондай болып тұратын. Түнгі уақытта келетін. Аяқтан сүйреп, көтеріп жатқан сияқты, одан қалса басында шешіндіргісі келетін сияқты болатын", - дейді ол.

Психологтардың сөзінше Аяланың басындағы жағдай галлюцинацияның кесірі екен.

"Көбінесе адамның өмірінде стресстік жағдайлардың салдарынан көп ұзақ мерзім ұйықтамаған болса, бір айдың көлемінде, немесе кеш жатып ерте тұрып кететін ағзаның тәннің шаршауы салдарынан да туындайды", - дейді психолог Нұргүл Даубаева.

Ал имамдар болса Аялаға жын-шайтандардың кесірінен осындай күйге түсті дейді.

"Негізі ол келу рас. Жындар ол шайтандар бар. Бірақ олардың жаратылыстары бізден өзгеше. Олар от пен түтіннен, біз топырақтан жаралған. Сол себепті, жын мен адамның ортасында шын мәнінде физикалық қатынас болуы мүмкін емес. Шайтан адамның бойын емес, ойын билейді. Біз секілді ұрмайды, соқпайды, көгертпейді олар, адам санасымен ойнап, зиян беруге тырысады. Жел секілді олар. Адамға былай тікелей физический зиян бере алмайды  олар. Тек қана адам санасымен ойнайды. Адам көзіне елестейді, әр түрлі дыбыстар сыбырлауы мүмкін", - дейді имам Данияр Байдуллаева. 

Аяла Әмірханова бүгінде сүре оқып, молдаға дем салдырыпты.

"Қазір мазалауды қойды. Бірақ жатқан кезде дәретсіз жатсам және оң жақпен немесе сол жақпен дұрыс жатпасам, сондай уақытта болып тұрады, бірақ бұрынғыдай емес", - дейді ол.

Мамандың сөзінше мұндай қиындықтарға тап болған жандар уақыт өткізбей олардың көмегіне жүгінуі тиіс екен.

"Қорықпай мамандардан келу керек. Ұялудың қажеті тіпті жоқ. Өйткені ол одан бетер созылып кете беретін боса, онда ол жағдай күрт өзгеріп, қиын жағдайға келтіруі мүмкін", - дейді психиатр-дәрігер Алмагүл Айтжанова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары