Бүгін Қостанай аудандық сотында Қостанай ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Рустам Садықовқа қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды «Тобол Инфо».
Қылмыстық іс материалдарынан бұрынғы шенеунік құмды шұңқырды игеру үшін жер учаскесіне рұқсат беру туралы өтініш жасаған "Ремдортехник" ЖШС-нің директоры Рашид Сәрсекеновке кедергі келтіргені туралы қорытынды шығады.
Прокурор оған 5 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сот үкімін жариялау кезінде судья бұрынғы мемлекеттік қызметшінің кінәсі толық дәлелденгенін атап өтті.
«Рустам Садықов қылмыстық кодексінің 362-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі. Сот оны мүлкін тәркілемей, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігін орташа қауіпсіз түзеу мекемесінде өтейді», – деп судья өз үкімін оқыды.
Сондай-ақ, экс-шенеунік өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан айырылады. Кетпеу туралы қолхат сот залында қамауға алумен ауыстырылды. Сондай-ақ, сот жәбірленуші Рашид Сәрсекеновтің 500 мың теңге моральдықталабын ішінара қанағаттандырды. Сотталған сот үкіміне ашуланған.
«Неліктен олар мені жарты жыл мазалады? Бірден үкім шығарып, менің және отбасымның жүйкесін жүұартпауға болар еді. Сот менің пайдама сөз сөйлеген куәгерлердің жауаптарын ескермеді. Сонымен қатар, жәбірленушінің лицензиясы жойылды. Сонда менің түрмеге қамалғаным мүлдем түсініксіз», – деді Рустам Садықов.
Қостанай ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары сот үкіміне қарсы шағым түсірмекші.