$ 494.87  520.65  4.91

«Менің жүрегімде дәл қазір махаббат пен көктем» - Ерке Есмахан

Желі қолданушылары Ерке Есмаханның мұндай көңіл күйіне оның ғашығы ерекше әсер етіп жүргеніне кәміл сенімді.
Фото: instagram
Фото: instagram

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан қазіргі таңда өміріндегі аса бақытты сәттерін кешіп жатқан көрінеді. Махаббаттан басы айналған өнер иесі желіде жаңа жазба жариялап, жеке өмірі туралы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан бүгінде өзін бақытты адам ретінде сезінетінін айтты. Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында махаббатқа толы жазбамен бөлісіп, өз жанкүйерлерін бір қуантып қойды.

"Менің жүрегімде дәл қазір махаббат пен көктем! Айтатын әңгіме жоқ тіпті" , - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Ерке Есмаханның мұндай көңіл күйіне оның ғашығы ерекше әсер етіп жүргеніне кәміл сенімді. Олар сүйікті әртісі үшін аса қатты қуанып, оған жылы лебіздерін білдірген.

"Ерке сен бақытты болуға лайықтысың. Сен үшін қуанып отырмыз", "Фигурасын да, сақинасын да көрсетті", "Атырауға келін болғалы жүрсіз бе?", "Алла сізге барлық нәрсені үйіп-төгіп бергенғо шіркін! Бақытты болыңыз!", "Көктем әсер етуде", "Тек көктем мен жаз болсын көңіліңізде", Әдемісіз. Бақытты болуға лайықтысыз. Өміріңізде тек қана махаббат пен көктем таңы атсын", "Көктемдей құлпырып тұрсыз. Бұл Азаматтың арқасы болар", "Көктеміңіз көп болып, махаббат пен баөыттан басыңыз айналатын сәттеріңіз жиі болсын" , - деп жазуда көпшілік.

Өнер иесі соңғы кездері оқырмандарына барынша ашылып, жеке өміріне қатысты тың мәліметтермен жиі бөлісуде. Бұған дейін шоу-бизнес жұлдызы алдағы уақытта сүйіктісімен ерекше махаббат хикаясы қалай бастау алғанын айтып беруге уәде етті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары