Желіде Ақтау қаласының ортасында жанып жатқан көлікте күшті жарылыс болғаны көрсетілген видео тарады. Бұл туралы kznews.kz хабарлады Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, көлік 12 сәуірде «Аяулы Ана» тұрғын үй кешенінің жанындағы 34-ықшамауданда өртенген.
Кадрлардан машинаның қалай өртке оранғанын көруге болады, бір сәтте қатты жарылыс естіледі. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және жедел жәрдем келді.
Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.