14.04.2021, 13:00

Биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад болмайды

Аталған іс-шараларға байланысты нақты жоспар бекітілмеген.

Коронавирустың таралу қаупіне байланысты елімізде 7 және 9 мамырда өтетін әскери шеру болмайды, деп хабарлайды  Skifnews.kz  ақпарат порталы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, Отан қорғаушы және Жеңіс күндеріне арналған әскери шеру коронавирус бойынша эпидемиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты өткізілмейді. Аталған іс-шараларға байланысты нақты жоспар бекітілмеген.

Еске сала кетейік, елімізде өткен жылы да пандемияға байланысты әскери шеру өтпеген еді.