$ 448.15  483.46  4.86

Зейнетақыға байланысты дүрлікпе қашан аяқталады?

Ипотека алу үшін 100 мыңнан аса адамнан өтінім түссе, олардың төрт мыңы ғана банкке келді.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Зейнетақы жинақтарын пайдалануға байланысты дүрлікпе сәуірдің соңында аяқталады. Мұндай болжамды "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазір қолымыздағы статистика бойынша БЖЗҚ-дан жіберілген барлық қаржының 50 пайызға жуығы тұрғын үйді тікелей сатып алуға бағытталған. Ипотека алу үшін 100 мыңнан аса адамнан өтінім түссе, олардың төрт мыңы ғана банкке келді. Басқа екінші деңгейлі банктерде де шамамен осындай көрсеткіш. Яғни, жалпы көлемі 10 мыңнан аспады. Сондықтан зейнетақы жинақтарын пайдаланумен байланысты дүрлікпе іс жүзінде сәуірдің соңында аяқталады деп есептеймін", - деді Ләззат Ибрагимова ОКҚ онлайн-брифингінде.

Ибрагимованың айтуынша, "Отбасы банк" күніне екі жарым мыңға жуық өтінім алады, ал олардың сомасы "айтарлықтай азайды және баға нарығына әсер етпейді".

"Егер қаңтар мен ақпанда 15 миллион теңге және одан да көп сомма болса, қазір өтінімнің орташа сомасы бір миллионнан екі миллион теңгеге дейін. Бұл ресурс облыс орталықтарында немесе Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында баға нарығына әсер етуі мүмкін емес. Бұл тек ипотекалық өнімдерге сұраныс тудырады.

Бағдарламаның мерзімсіз екенін айтар болсам, қазір адамдардың көпшілігі ақшаны ай сайын несие төлеу, "Отбасы банкке" аудару бойынша есептік көрсеткішпен депозит қалыптастыру мүмкіндігін пайдаланып жатыр. Осы мәселелердің барлығын ереже бойынша қарастырамыз", - деп қосты ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары