$ 443.85  474.3  4.8

Төбелеске қатысқан басқарма басшысы жұмыстан босатылды

Еске салайық, 2020 жылдың желтоқсанында Жұмағұлов мейрамханада төбелеске қатысқан.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Екі рет басы дауға қалған Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Мирас Жұмағұлов қызметтен босатылды - деп хабарлайды Tengrinews.kz Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне сілтеме жасап.

"ШҚО бойынша МҚІА департаментінің ұсынысынан кейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Мирас Жұмағұловты қызметінен босату туралы шешім жасады. Тиісті өкім 2021 жылы 13 сәуірде шықты", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2020 жылдың желтоқсанында Жұмағұлов мейрамханада төбелеске қатысқан. Бұл тамақтану орындарында іс-шара өткізуге қатаң тыйым салынған кез болатын.

Ал екінші оқиға 30 наурызда болды. Ол уақытта басқарма басшысының Өскемен қаласы әкімдігінің қызметкерімен жанжалдасуына байланысты тұрғындардың бірі полиция шақырған еді.

Осыған байланысты 9 сәуірде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері облыс әкіміне шенеунікті жұмыстан шығару туралы ұсынысты қарауға жолдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары