$ 494.87  520.65  4.91

ДСМ отандық вакцинаның не себепті Түркияда құтыға құйылатынын түсіндірді

QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасын алып, екпенің алғашқы легі Ақтөбе облысы, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтанға жеткізіледі. Мамырда тағы 50 мың доза шығару жоспарланып отыр.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов отандық ғалымдар әзірлеген QazVac вацинасын құтыға құю процесі неліктен Түркияда жүргізілетіндігін түсіндірді, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.kz.

«Қарағанды фармацевтика зауытында вакцина өндірісіне қатысты мәселе бойынша шешім аталған вакцинаның аденовирустық платформада жасалатындығына байланысты қабылданды. Оның патогендік деңгейіне қатысты талаптар аса жоғары емес», - деді вице-министр.

Марат Шорановтың айтуынша, QazVac вацинасын өнеркәсіптік ауқымда шығару кезінде өндірістік алаң үшін патогендіктің екінші санатының болуы талап етіледі.

«Бүгінде ірі өндірушілердің барлығы жобаларын масштабтау үшін өзге де алаңдарды пайдалану және оқшаулау мүмкіндіктерін іздейді. Бұл әлемдік тәжірибе. Демек, біздің вакцинаның да барлық талапқа сай келетін алаңда құйылуға құқығы және мүмкіншілігі бар», - деді Марат Шоранов.

Еске сала кетейік, сәуірдің аяғында Қазақстан отандық QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасын алып, екпенің алғашқы легі Ақтөбе облысы, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтанға жеткізіледі. Мамырда тағы 50 мың доза шығару жоспарланып отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары