$ 494.87  520.65  4.91

Ертіс өзеніндегі балықтардың неден қырылғаны белгілі болды

Ихтиологтардың пікірінше, бұл табиғи процесс.
Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

9 сәуірде Өскемен қаласында орналасқан «Samal» саябағындағы Ертіс өзенінде балық қырылғандығы хабарланған болатын.

Осыған қатысты «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС-нің Алтай филиалы, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл жасағы және Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері сол жерге барып тексеру жүргізді. Өзеннен 30 келі балық жиналған. Сондай-ақ талдау жүргізу үшін су мен балықтан сынама алынды.

«Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС Алтай филиалының 13 сәуірдегі №01-037/49 хаттамасына сәйкес торта, табан, алабұға балықтарының қырылғандығы анықталды. Ал балық өліктері арасынан мөңке табылмаған. Биологиялық талдау нәтижелері бойынша балықтарда сыртқы және ішкі зақымданулар болған жоқ. Ішкі органдары патологиялық өзгеріссіз», – делінген ШҚО бойынша Экология департаменті таратқан мәліметте.

Сондай-ақ химиялық талдауға сәйкес, өзенде ауыр металдар көрсеткішінің асуы анықталмаған. Қыста гидрологиялық деңгейге байланысты (0,4 – 0,6 м) су қатып, нәтижесінде балықтар қырылды. Ихтиологтардың пікірінше, бұл табиғи процесс.

turkystan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары