$ 445.66  474.58  4.78

7 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл болады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ауа райының бұзылуына байланысты, синоптиктер 15 сәуір күні еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай болады. Шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші – 15-20 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл болады. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары