$ 494.87  520.65  4.91

«ИК» тобының концертін ұйымдастырған «Rixos Aktau» қонақүйіне айыппұл салынды

Қонақ үй иесіне 800 АЕК (2,3 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл салынғанын.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Rixos Water World Aktau қонақүй иесіне карантин кезінде "Ирина Кайратовна" тобының концертін ұйымдастырғаны үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Лада".

Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары карантин талаптарын бұзғаны үшін қонақ үй иесіне 800 АЕК (2,3 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл салынғанын хабарлады.

"Полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдерінен құралған мобильді топ кешен иесіне карантин талаптарын бұзғаны үшін хаттама жасап, түсініктеме алды. Өйткені қаладан 20 шақырым жерде орналасқан курорттық аймақта адамдар көп жиналды", - деп хабарлады қала әкімдігі.

Айта кетейік, "Ирина Кайратовна" тобының концерті 10 сәуірде Rixos Ақтау қонақ үйінде өтті. Концертте түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары