Алматыда аяусыз өлтірілген 19 жастағы Аяжан Еділованы жер қойнына тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы "Не Молчи" қорында хабарлады.
"Бүгін, 2021 жылы 16 сәуірде Аяжан Еділова жерленді! Көңілді, белсенді, мақсат анық, еңбекқор қыз 20 наурызға қараған түні кісі қолынан қаза болды. Туыстары Аяжан денесінің қалдықтарын мырыш табытта қабылдап алды ... Орны толмас қайғы, иманда болсын", - деп жазды қор өкілдері.
Еске салсақ, осыған дейін 19 наурызда Алматыда 19 жастағы қыз түнде жұмыстан шығып үйіне оралмағаны туралы жазғанбыз.
Кейін жоғалып кеткен Алматы тұрғыны Аяжан Еділова өлі күйінде табылды. Алматы полициясы күдіктіні - Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған азаматты ұстады.
Полиция пәтерге шабуыл жасаған кезде ол өзін өлтіруге тырысты.
Сосын Алматыда өлтірілген Аяжанның туыстары сұхбат берді. Сұхбат кезінде қыздың туыс ағасы оның басын қайнатып, тісін, тырнағын бөлек жұлып алғанын айтты.