$ 449.3  489.69  4.89

«Президенттің өзі мақтап жатыр»: Қырғыстанда коронавирустың емі табылды (ВИДЕО)

"Біздің дәрігерлер аурудың бастапқы кезеңінде 2-3 күн ішінде емделуге мүмкіндік беретін ем әдісін тапты", - дейді ел президенті.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қырғызстандық дәрігерлер коронавирус жұқтырғандарды 2-3 күнде емдейтін әдіс тапқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz мемлекет басшысының сайтына сілтеме жасап. 

15 сәуірде Қырғызстан басшысы Бішкек пен Шу облысындағы медициналық мекемелерде болды.

"Қазіргі уақытта жағдай ушығып тұрған жоқ. Дегенмен әңгімелескен кейбір науқастың сөзінше, олар реанимациялық бөлімшелерге ауруын үйде жатып, көмек сұрамай асқындырып алған соң келіп түскен", - деді Қырғызстан президенті.

Садыр Жапаров қырғызстандықтарды жөтел және басқа да белгі пайда болған кезде дәрігерге жүгінуге, сондай-ақ коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырды.

"Біздің дәрігерлер аурудың бастапқы кезеңінде 2-3 күн ішінде емделуге мүмкіндік беретін ем әдісін тапты.

Өз денсаулығыңызға немқұрайды қарамаңыз, жағдайыңызды мұқият қадағалаңыз. (...) Қазіргі уақытта ел бойынша барлығы 4 мыңға жуық адам ғана егілді. Вакцина бар. Өңір тұрғындары кез келген аудан орталығына бара алады", - деді Садыр Жапаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары