$ 449.3  489.69  4.89

«Автотұрақты иемденіп алған»: Қайрат Нұртастың басы тағы да дауға қалды

Тұрғындар Қайрат Нұртас пен оның анасы Гүлзира Айдарбекованың көліктерін VIP нөмірлерінен бірден танған.

Белгілі қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың басы тағы да дауға қалды.

Бұл жолы қазақстандық әнші Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі автотұрақта басқа адамдарға тиеселі орынға өз көлігін қойып кеткен.

Фотосурет zakon.kz редакциясына жіберіліп, тұрғындардың бірнеше күннен бері өз орындарына көліктерін қоя алмай жүргендерін айтты. Себебі оларға тиеселі орында басқа машиналар тұр.

Тұрғындар Қайрат Нұртас пен оның анасы Гүлзира Айдарбекованың көліктерін VIP нөмірлерінен бірден танған.

Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары