$ 498.34  519.72  4.85

Елордалық келіншек ұлының еміне көпшіліктен көмек сұрайды

Осы уақытқа дейін 13 курс химия, 36 курс лучтық терапия, 3 операциядан өткен.
Фото: dianaakmentay/Instagram
Фото: dianaakmentay/Instagram

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Акментаева Диана қазақстандықтардан көмек сұрайды. Ол қатерлік ісікке шалдыққан ұлы Қалымбетов Диастың еміне қомақты қаржы керек екенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның сөзінше, ұлына Саркома Юинга диагнозы қойылған.

"Диас 2019 жылдың шілде айынан бастап ауырды. Осы уақытқа дейін 13 курс химия, 36 курс лучтық терапия, 3 операциядан өтті. 2020 жылдың желтоқсан айында рецидив яғни аурудың қайталануы болды. Қазіргі уақытта емді Стамбул қаласында жалғастырамыз деп шештік. Емге 25 миллион теңге қаражат керек. Осы уақытқа дейін 13 миллион теңге жинап қойдық. Мамырдың екісіне дейін қалған қаражатты толықтыруымыз қажет", - дейді Акментаева Диана.

Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны барша қазақстандықтардан қатерлік ісікке шалдыққан ұлының емі үшін қол ұшын беруді сұрап отыр. 

Қалымбетов Диастың Стамбулда жасалатын еміне 12 миллион теңге жетпей тұр. Көмек қолын созам деген жандар үшін оның байланыс нөмірі: 87011423100

Реквизиттер: kaspi gold: 5169497195521780 ИИН: 840815401079 Halyk bank: 4390878206848839 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары