Жаңалықтар 17.04.2021 сағат 23:55

Африкада жираф атып, көпшіліктің қарғысына қалған қазақстандық видеоүндеу жолдады

Сонымен қатар ол жануарларды әдемілігі үшін бөліп-жармауға шақырды және жирафтар мен сиырлардың құқығы тең екенін үндеуінде атап өтті.
Африкада жираф атып, көпшіліктің қарғысына қалған қазақстандық видеоүндеу жолдады
Фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Африкада жираф атып, жұрттың ашуына тиген қазақстандықтардың бірі әрекетін түсіндіріп, видеоүндеу жолдады, деп жазады Paryz.kz.

Видеоүндеуді Асқарбек Қазанғап есімді азамат Facebook-тегі парақшасында бөлісті. 

"Қазақтар Африкада жираф аулап жүр, ойбай" деп шулап жатқан қазақтарға таңғаламын. Қазақстаннан басқа жерге шығып көрмегендіктен, отырып алып тон піше береді. Достар, аңшылық ол қай елде де аңшылық. Африкада аңшылық саласы өте керемет дамыған, мұндағы халық аңшы ретінде көп табыс табады. Арнайы аң аулауға жағдай жасайтын мекемелер ашып қойған.

Жүректерін ұстап, шошып жатқандарға айтарым, алдымен бургер немесе бешбармақ жеп отқанда ойланыңдар. Қой, жылқы, сиырларды ауыртпай өлтірді деп ойлайсыңдар ма? Олардың қалай өлгенін,с сойып жатқанын көргілерің келсе, ет комбинаттарына барып қайтқандарың жөн. Нағыз жануарлар өлімін сол жерден көруге болады", - деп жауап берді аңшы.

Сонымен қатар ол жануарларды әдемілігі үшін бөліп-жармауға шақырды және жирафтар мен сиырлардың құқығы тең екенін үндеуінде атап өтті.

"Ойдай сөз жазып, адамды қараламай тұрып, өздеріңнің жеп жүрген тамақтарыңа қарап алыңдар. Сіздерді өмірге көзқарастарыңды өзгертуге, табиғатқа шын жанашыр болуға шақырамын. Екіжүзділіктің қажеті қанша?", - деп түйіндеді ол сөзін.

Естеріңізге сала кетейік, желіде "Қазақтар Африкада аң аулап жүр" деген видео тарап, оқырмандардың қызу талқысына түскен болатын. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар